Почеттино АҚШ құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Редактор Penalty.kz
11.09.2024, 14:38

«Челсидің» бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино енді АҚШ құрамасын жаттықтырады. 

offside.kz

Естеріңізде болса, аргентиналық бапкер «Челсиден» өткен маусымның соңында кетті. Лондондық клубта ол небәрі бір жыл ғана жұмыс істеген болатын. 

Содан бері БАҚ өкілдері Почеттиноның «Манчестер Юнайтед» бапкері болып тағайындалатыны туралы ақпар таратып жүрді. Алайда тамыздың ортасында 52 жастағы маман АҚШ құрама командасының тізгінін ұстауға келіскені хабарланды. Бірақ бұл ақпар ресми түрде тек бүгін ғана расталып отыр. 

Айта кетейік, Почеттино америкалық команданы алдағы әлем чемпионатына дайындайды. Төрт жылда бір өтетін дода 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.