Роналду сырқатына байланысты Чемпиондар лигасы ойынына қатыспайды
15.09.2024, 13:25
Команда дәрігерінің сөзіне сенсек, шабуылшы инфекциялық вирус жұқтырып алған
matchtv.ru
«Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду сырқатына байланысты Ирактың «әл-Шорта» командасына қарсы ойынға қатыспайды. Бұл матч 16 қыркүйек күні Азия футбол конфедерациясының Чемпиондар лигасы аясында өтеді.
«Әл-Наср» капитаны Криштиану Роналду бүгін өзін жайсыз сезінді. Тексеру нәтижесінде вирус жұқтырғаны анықталды. Осыған байланысты команда дәрігері футболшыға демалыс керек деген шешімге келді. Ол командаластарымен бірге Иракқа аттанбайды. Капитанымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген саудиялық клубтың ресми парақшасында.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама