Футболшы төрешіні бір ұрып, талдырып тастады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
16.09.2024, 13:03

Индонезияда «Ачех Юнайтед» мен «Бандар Султенг» командалары арасындағы матч жанжалмен аяқталды.

Sports.kz

Қонақ команда футболшысы бас төрешіні жақтан ұрып, құлатты. Жұдырық ала жүгірген ойыншының пікірінше, арбитр кездесудің басынан аяғына дейін қарсылас командаға жақтасып келген.

Газонға құлаған төреші ары қарай жұмысын жалғастыра алмады. Оны жедел жәрдем мамандары алып кетті. 

Өз кезегінде шытырманға толы матч негізгі уақытта тең есеппен аяқталып, кездесу  овертаймға ұласуы керек-тін. Алайда қонақ команда ойынды жалғастырудан бас тартып, алаңнан кетті.