ФИФА рейтингі: Қазақстан нешінші орында?
Жарнама
Жарнама
Жуырда Халықаралық футбол федерациясы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстан құрамасы қыркүйек айында өткізген кездесулерінің қорытындысы бойынша Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде ұлттық команда 109-шы орнын сақтап қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футболшылары Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізді. Алғашқысында Норвегиямен (0:0) тең тарқасса, екінші ойында Словенияда (0:3) жеңіліп қалды.
Жалпы, ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде үздік үштік те өзгеріссіз қалды. Аргентина көш басында қалса, Франция екінші орында тұр. Ал Испания үштікті түйіндеп тұр.
Жарнама
Жарнама