"Манчестер Юнайтед" Тен Хагтың орнын басатын бапкер іздеуге көшті

Редактор Penalty.kz
28.09.2024, 15:52

Клуб басшылығы бұл іске белсенді түрде кірісе бастаған. 

runasport.com

Өткен жазда Тен Хаг "Юнайтедпен" арадағы келісімшарты тағы 12 айға ұзартқан еді. Осылайша, 2026 жылдың жазына дейін манчестерлік клубтың бас бапкері қызметінде қалатыны белгілі болды. 

Алайда, клубтың жаңа футбол басшылығы да, жаттықтырушылар штабына қосылған жаңа қызметкерлер де команда ойыны мен нәтижелерін жақсарту бойынша Тен Хагқа еш көмектесе алмады.

Қазір "Қызыл сойқандар" Премьер-лига кестесінің екінші жартысында тұр. Еуропа Лигасындағы нәтижелері де көңіл көншітпейді. Өз алаңында "Твентемен" 1:1 есебімен тең тарқасты. 

TEAMtalk мәліметіне сәйкес, өткен жазда Тен Хагтың отставкаға кетпеуіне клуб басшылығының лайықты бапкер таба алмауымен байланысты. "Манчестер Юнайтед" өкілдері Томас Тухельмен және Маурисио Почеттиномен байланысқа шыққан. Алайда аталған бапкерлер "қызыл сойқандармен" жұмыс істеуге қатысты сенімсіздік танытқан. 

Жаңа маусымда команда ойынының қандай да бір ілгерілеудің жоқтығына байланысты басшылық бас бапкерді ауыстыру идеясына қайта оралған көрінеді. "Юнайтед" топ бапкерді шақырмақ ниетте. Сондықтан Тен Хагты жұмыстан босатылуы тек уақыт еншісіндегі мәселе дейді аталған басылым. 

Қазір "Юнайтедтің" назарына бірнеше бапкер іліккен. Олардың арасында Англия құрамасының бұрынғы бапкері Гарет Саутгейт, "Ньюкасл" бапкері Эдди Хау, "Интер" бапкері Симоне Индзаги мен Томас Тухель бар.