«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан «Тұранға» қарсы ойында (2:0) Премьер-лигадағы 60-шы голын соққан болатын.
31 жастағы Бауыржан Исламхан Қазақстан Премьер-Лигасында төрт клубтың сапында өнер көрсетіп, гол соққан. Олар: «Тараз» — 6 гол (50 матч), «Астана» — 1 гол (7 матч), «Қайрат» — 50 гол (168 матч) және «Ордабасы» — 3 гол (25 матч).
Жалпы, Қазақстан құрамасының ойыншысы Премьер-лигада бас-аяғы 250 матч өткізіп, 60 гол соққан. Ол Қазақстан Премьер-лигасында 60 немесе одан да көп гол соққан 43-ші футболшы атанды.