«Шарлотт» клубының бұрынғы ойыншысы, қазіргі уақытта «Кортрейк» сапында ойнап жүрген Брехт Дежагере Лионель Мессимен әңгімесі туралы айтып берді.
«Шарлотт» клубының бұрынғы ойыншысы, қазіргі уақытта «Кортрейк» сапында ойнап жүрген Брехт Дежагере Лионель Мессимен әңгімесі туралы айтып берді.
«Матч аяқталған соң мен одан өзіңді қай жерде жақсы сезінесің — Майамиде ме, әлде Францияда ма деп сұрадым. Ол таң қалды. Мен оған «Парк де Пренсте» қарсы ойнағанымды еске салдым, бірақ ол мені есіне түсірмеді... Дегенмен, бұл мен үшін арманның орындалуы еді», — деді Брехт Дежагере.
«Месси менің сүйікті ойыншым. Оны көру естен кетпес сәт болды. Ол маған «ПСЖ»-де бәрі нашар болғанын айтты. Басында париждіктер оны жақсы қабылдағанымен, Чемпиондар Лигасындағы сәтсіздіктен кейін жанкүйерлер әрбір допқа тиген сайын оны сынап, ысқырып отыратын. Бұл жағдай оны шаршатып жіберді», — деді футболшы.
Сондай-ақ, Дежагере Мессиден ойыннан кейін оның футболкасын сұрауға батылы бармағанын, өйткені әрдайым шамамен 100 адам оның жейдесін сұрайтынын және бұл оған ұнамайтынын айтты.
Месси 2023 жылы «ПСЖ»-дан «Интер Майами» клубына ауысқан болатын.