Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында бірегей жетістікке қол жеткізді
06.10.2024, 23:00
26 жастағы ойыншы матчқа қосалқы құрамнан қосылып, 7 гол соққан алғашқы шетелдік атанды.
Vesti.kz
БАТЭ сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында бірегей жетістікке қол жеткізді. 26 жастағы ойыншы матчқа қосалқы құрамнан қосылып, 7 гол соққан алғашқы шетелдік атанды.
Қазір Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатының бас «джокері» атағы үшін Максим Скавышке бәсекелес саналады. Ол да 7 рет гол соққан.
Десе де, "гол + пас" жүйесі бойынша ойынға қосалқы құрамнан қосылған футболшылар арасында бәрінен алда келеді. Отандасымыздың 8 (7+1) ұпай бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама