27 жастағы түбі қазақстандық футболшы бұл туралы Ұлттар лигасы аясында өтетін Австрия – Қазақстан матчы қарсаңында айтты.
27 жастағы түбі қазақстандық футболшы бұл туралы Ұлттар лигасы аясында өтетін Австрия – Қазақстан матчы қарсаңында ел намысын қорғауға ниетті екенін білдірді. Бірақ австриялық футболшымен әзірге Қазақстан футбол федерациясы ешқандай байланысқа шықпаған.
«Қазақстан үшін өнер көрсеткім келеді. Егер бапкерлік штаб мені үміткер ретінде қарастырса, өте қуанышты болар едім», - деді Филипп Окс.
Бұдан бөлек, Филипп Окс Австрия-Қазақстан кездесуінен не күтетінін де айтты.
«Егер Қазақстан барын салса, бізді қапы қалдыруы әбден мүмкін. Олар мұны өткен маусымда көрсетті. Қалай болғанымен, жігіттер алдағы матчтан ұпай еншілей алады деп үміттенемін», - деді австриялық футболшы.
Айта кетейік, Филипп Окстың ата-анасы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Окс "Хоффенхаймның" шәкірті. Қазір Австрияның екінші Бундеслигасындағы "Фурст" клубында өнер көрсетеді.