Кака футзалдан Қазақстан құрамасымен келісімшартын ресми түрде ұзартты

Редактор Penalty.kz
19.10.2024, 12:21

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака командамен келісімшартын ресми түрде ұзартты.

Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Маманның Қазақстан құрамасымен жаңа келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген. Кака Қазақстан футбол федерациясына сенім білдіргені үшін алғысын айтты. "2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуден өту үшін бар күшімізді саламыз", – деді отандық команданың басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Рикардо Кака құраманы 2018 жылы басқарған еді, оның басшылығымен біздің құрама 2021 жылы өткен әлем чемпионатында төртінші орын алып, команда тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы алғаш рет УЕФА рейтингінде екінші орынға және ФИФА рейтингінде бесінші орынға көтерілді.