«ПСЖ» Мбаппеге €55 млн төлеуден бас тартуда

Редактор Penalty.kz
26.10.2024, 15:57

Сот франциялық клубты төлем жасауға міндеттеген еді.

rsport.ria.ru

Сот шешіміне қарамастан «ПСЖ»-ның бұрынғы шабуылшысы Килиан Мбаппеге €55 млн төлеуден бас тартып отыр. 

25-ші қазанда Кәсіби футбол лигасының (LFP) Біріккен апелляциялық комитеті Мбаппе мен «ПСЖ» арасындағы қаржылық дауға қатысты шешім шығарды. Сот ойыншының талаптарын заңды деп таныды. Алайда «ПСЖ» өтемақы төлеуге ниетті емес екенін мәлімдеді.

«ПСЖ» өкілі Мбаппенің «қоғамдық және жеке түрде бірнеше рет берілген нақты міндеттемелері» бар екенін және клубтың «оларды құрметтеуін ғана сұрайтынын” айтты. Париждік клуб Килианның соңғы жеті жыл бойы «ПСЖ»-да болу барысында «ерекше артықшылықтарға» ие болғанын еске салды. Мбаппенің бұрынғы клубы оның берілген міндеттемелерін орындайтынына үміт білдірді. Алайда, егер ойыншы бұл дауды жалғастыра берсе, «ПСЖ» істі құзырлы сот органдарына беруі мүмкін екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мбаппе 2024 жылғы 1 маусымда еркін агент ретінде «Реал» клубына ауысты. Биылғы маусымда ол Мадрид клубы үшін 13 ойын өткізіп, 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.