Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бапкері кім болатыны анықталды

Редактор Penalty.kz
29.10.2024, 15:27

«Қызыл сойқандар» португалиялық маман Рубен Амориммен өзара келісімге келген.

pressball.by

«Манчестер Юнайтед» өзінің бас бапкері ретінде португалиялық Рубен Аморимді тағайындауға жақын.

Журналист Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, тараптар келісімшарттың негізгі бөліктері ортақ мәмілеге келген. Манчестерлік клубтың басшылығы Аморимнің қазіргі клубы «Спортингпен» келіссөздер жүргізуде.

«МЮ» португалиялық бапкер үшін 10 миллион еуро өтемақы төлеуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 28-ші қазанда «Манчестер Юнайтед» Эрик тен Хагпен келісімшартты бұзғанын жариялады. Аталған бапкер команданы 2,5 жыл бойы жаттықтырған болатын.