«25 футболшының 12-сі — легионер». Бөлекпаев «Шахтерды» сынға алды
04.11.2024, 13:03
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Шахтер» клубының басқару моделін сынға алды.
inform.kz
Соңғы кезде команданың спорттық жетістіктері көңіл көншітпейді. Осы маусымда «Шахтер» соңғы орында келеді. Келесі маусымда Бірінші лига деңгейінде өнер көрсетуге басты үміткер.
"Өкінішке қарай, клубтың ұзақмерзімді дамыту межесі, маркетингтік стратегиясы жоқ. Футболшылардың іріктеу жүйесі сын көтермейді. 25 футболшының 12-сі — легионер. Жалпы алғанда, клуб шетелдік легионерлерді қолдау қорына айналды. Тұрақты қаржылық модель жасалмаған", — деді аймақ басшысы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама