«Ман Сити» ойыншысы АПЛ тарихында жаңа бомбардирлік рекорд орнатты

Редактор Penalty.kz
10.11.2024, 15:43

Тарихи сәт 9 қарашада «Брайтонға» қарсы матчта орын алды.

championat.com

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия Премьер-Лигасында ең жылдам 75 гол соққан ойыншы атанып, жаңа рекорд орнатты. Бұл тарихи сәт 9 қарашада «Брайтонға» қарсы 11-турдағы сырт алаңдағы матчта орын алды. Холанд кездесу есебін 23-минутта ашты.

Осы голдың арқасында норвегиялық шабуылшы АПЛ тарихында 75 голға небәрі 77 матчта қол жеткізген алғашқы ойыншы болды. Қазіргі маусымда Холанд 15 матчта 14 гол соғып, Англия чемпионатының бомбардирлер кестесін бастап тұр.

Дегенмен, Холандтың бұл жетістігіне қарамастан, «Ман Сити» үшін матч сәтсіз аяқталды. Ойынның бірінші жартысында Гвардиола командасы 1:0 есебімен алда болғанымен, екінші таймда «Брайтон» ойынды өз пайдасына өзгертіп, екі гол соғып, жеңіске жетті. Бұл жеңіліс «Сити» үшін қатарынан төртінші болды.