«МЮ» ойыншысы 534 күннен кейін алғаш рет алаңға шықты

Редактор Penalty.kz
13.11.2024, 20:10

Соңғы рет ол 2023 жылғы маусымда Нидерланд құрамасы сапында Хорватияға қарсы матчқа қатысқан. 

manutd.one

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Тирелл Маласиа 534 күннен кейін алғаш рет алаңға шығып, доп тепті. 

Соңғы рет ол 2023 жылғы маусымда Ұлттар лигасында Нидерланд құрамасы сапында Хорватияға қарсы ойында өнер көрсеткен еді. Ал «Юнайтед» сапындағы ойыны 2023 жылдың 28 мамырында өтті.

Кеше Маласиа «Қызыл сойқандардың» U-21 командасы сапында алаңға шықты.  Футбол лигасының Трофейі аясында «Хаддерсфилдке» қарсы 1 тайм ойнады. 

Айта кетейін, Маласиа «МЮ»-ға 2022 жылдың жазында «Фейеноордтан» ауысып келді. Содан бері манчестерлік клуб үшін небәрі 39 ойын өткізді. 2023/24 маусымындағы матчтарға мүлдем қатыспады. 

Бір қызығы, 25 жастағы қорғаушы командадағы бәсекелесі Люк Шоумен бір уақытта құрамға қайта қосылып отыр. Ағылшын футболшысы да биыл негізгі команда сапында бірде-бір минут ойнаған жоқ.