Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Парагвайда Мессидің жейдесін киюге тыйым салынды

Сарапшы, спорт журналисі
14.11.2024, 19:48

Себебі ақылға қонымсыз.

manutd.one
Реклама
Реклама

Ертең Парагвай құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өз алаңында  Аргентинаны қабылдайды. Матч «Дефенсорес дель Чако» стадионында өтеді. Бірақ оған әлем чемпиондарының жейдесін киген жанкүйерлер кіре алмайды. 

Жергілікті футбол функционерлерінің айтуынша, бұл жаңадан қабылданған шара емес және оның қонақ секторына қатысы жоқ. Жанкүйерлер Мессидің не болмаса басқа футболшының жейдесін кие алады. 

Бірақ қалған секторларда Парагвай футболының басшылығы ұлттық форманы көргісі келеді. Сондықтан да өзге елдің джерсиімен стадионға кіруге тыйым салған. Мұндағы мақсат – өз алаңымызда өзгеге басымдық бермеу, дейді олар. 

Парагвай – Аргентина матчына 35 мың жанкүйер қатысады деп күтілуде. Соның 1700-і Аргентина фанаттарына берілген. 

Айта кетейік, Аргентина құрамасы 10 ойында 22 ұпай еншілеп көш бастап келеді. Одан кейін Колумбия тұр. Парагвай болса, үздік алтылыққа кіруге талпынуда. Әлем чемпионатына дәл осынша команда тікелей жолдама алады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары