"Біз 5,3 млрд теңге бөлдік". Шымкент әкімі "Ордабасыға" қатысты мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 13:37

Клубты күрделі өзгерістер күтіп тұр. 

Vesti.kz

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбаев "Ордабасы" клубының тағдырына қатысты пікір білдіріп, өзінің ықпалы туралы айтты.

"Тотальный футбол КЗ" хабарлауынша, Сыздықбаев шаһарға әкім болып тағайындалғанда "Ордабасы" командасының біршама қарызы болғанын атап өткен. 

"Команда өнер көрсете ме, оның қаржылық жағдайы қандай болады, ойыншылардың жалақы ала ма деген мәселе болды. Десе де, барлық сұрақ шешімін тапты. Биыл біз қомақты қаржы бөліп, "Ордабасының" бұрынғы басшылығы дайындаған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді жаптық. Оған жалақы да кіреді. Биыл біз 5,3 млрд теңге бөлдік. Сонымен қатар, 1 млрд теңге демеушілер тарапынан тартылды. Келесі жылы 16 футболшымен келісімшарт үзіледі. Келесі жылы біз Қазақстанның басқа өңірлерінің бюджеттеріне қарағанда көп қаражат бөлмейміз", - деді Ғабит Сыздықбаев.

Айта кетейік, биылғы маусымды "Ордабасы" 4-орынмен аяқтады. Ал Қазақстан кубогында шымкенттік ұжым топтан шыға алмады. Еурокубоктарда Конференция лигасының іріктеуінде жартылайфиналдық матчтан ары аса алмады.