Бүгін елордалық клуб Алматыда «Виторияны» қабылдайды
28.11.2024, 12:48
Матч Қазақстан уақытымен сағат 20.30-да басталады.
Vesti.kz
Бүгін «Астана» клубы Конференция лигасы аясында Португалияның «Витория» командасын қабылдайды.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 20.30-да басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Португалиялық ұжым ойынның фавориті саналады. Қазір «Виторияның» еншісінде 9 ұпай бар. Ал елордалықтардың қоржынында небәрі 3 ұпай ғана.
Айта кетейік, Конференция лигасында алғашқы сегіздікке кірген клубтар бірден 1/8 финалға жолдама алады. Ал үздік 24 команданың қатарынан табылғандар жарыс жолын ары қарай жалғастырады.
Қазір турнирлік кестеде «Витория» бесінші, ал «Астана» 25-орында келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама