"Челси" Алматыға аттанар алдында "Астон Вилланың" астаң-кестеңін шығарды
01.12.2024, 22:04
Лондондық клуб АПЛ-дың 13-турын өз алаңында өткізген болатын.
chelseanews.ru
Ағылшын премьер-лигасының 13-турында лондондық "Челси" бирмингемдік "Астон Вилланы" қабылдады.
"Стэмфорд Бридж" стадионында өткен кездесу алаң иелері қонақ команда ойсырата жеңді. Есеп - 3:0. Гол авторлары: Николас Джексон (7-минут), Энцо Фернандес (36-минут) және Коул Палмер (83-минут).
Осылайша, "Челси" 25 ұпаймен турнирлік кестеде 3-орынға жайғасты. Ал "Астон Вилла" 19 ұпаймен 12-ші келеді.
Еске сала кетейік, "Челси" Конференция лигасының жалпы кезеңінде "Астананың" кезекті қарсыласы. Бұл кездесу 12-желтоқсан күні Алматыда өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама