"Қайсар" қарызға батты

Редактор Penalty.kz
02.12.2024, 11:32

Қызылордалық ойыншыларға төрт ай бойы бір тиын жалақы төленбеген.

qfl.kz

"Қайсар" клубы команда алдында қарызынан құтылмаса, ойыншылар жан-жаққа тарап кетуі мүмкін. Футболшылар әлі күнге дейін жалақыларын алмаған. Бұл туралы Sportarena.kz сайты "Тотальный футбол KZ" арнасына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

"Қайсар" ойыншысы қалу қаупі алдында тұр. Клуб басшылығы жыл соңына дейін ойыншылар алдындағы берешегінен құтылуға уәде беріп отыр. Алайда Қызылорда облысының әкімі командаға қосымша қаржы бөлмейтінін мәлімдеді. Клуб 2024 маусымында тәп-тәуір өнер көрсеткен еді. "Қайсар" қарызынан құтылып, ойыншыларын сақтап қала ала ма?", - деп жазды "Тотальный футбол KZ" арнасы.