Хави Бундеслигаға кетуі мүмкін

Редактор Penalty.kz
03.12.2024, 15:40

Каталондық маман Марко Розені алмастырады, деп мәлімдейді TodoFichajes порталы.

sportrbc.ru

"РБ Лейпциг" осы маусымда сүреңсіз ойын өрнегін көрсетіп жүр. Әсіресе Чемпиондар Лигасында команда бес турда бірде-бір ұпай еншілеген жоқ. Осыған байланысты клубтың бас жаттықтырушысы Марко Розе қатты қысымға ұшырады. Соңғы турда "Вольфсбургтен" 5:1 есебімен жеңілгенде Розенің отставкаға кетуі мүмкін деген қауесетті күшейтті.

TodoFichajes порталының ақпаратына сәйкес "Барселонаның" бұрынғы жаттықтырушысы Хави Розены алмастыратын үміткерлердің бірі болуы мүмкін. Каталондық клубтан кеткеннен кейін испаниялық маман бапкерлік мансабын тоқтатқысы келетіні туралы айтқан. Бірақ неміс грандының ұсынысы оның жоспарларын өзгертуі мүмкін. 

Неміс клубының тізгінін ұстауға үміткерлер қатарында “МЮ”-дің бұрынғы бас бапкері Эрик Тен Хааг те бар. Бұл туралы журналист Патрик Бергер жазды.  

Қазір "РБ Лейпциг" Бундеслигада 21 ұпаймен төртінші орында келеді.