Қысқарған бюджет "Ордабасының" басын қатырды
03.12.2024, 21:07
Клуб бөлінген бюджетке байланысты Анталья немесе Әбу-Дабиді таңдайды.
kazfootball.kz
"Ордабасының" қысқы оқу-жаттығу жиындарды қай жерде өткізетіні беймәлім. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабаралайды.
Егер Шымкент әкімдігі жеткілікті көлемде қаржы бөлетін болса, команда 16 желтоқсанда БАӘ астанасына барады. Өйтпеген жағдайда "Ордабасы" 12 желтоқсаннан бастап Түркияда жаңа маусымға дайындыққа кіріседі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент әкімі клуб келер жылы 1,2 миллиард теңгеден асатын қаржы алмайтынын мәлімдеген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама