Ұлттық құрама ойыншысы Испания чемпионатында өнер көрсетеді ме?
04.12.2024, 15:00
Ғалымжан Кенжебектің ойыны бірнеше испаниялық клубтардың қызығушылығын тудырды.
vesti.kz
21 жастағы шабуылшы Қазақстан мен Испания жастар құрамалары арасындағы матчтан кейін Сегунда және үшінші лига клубтарының назарына іліккен. Кадистегі кездесу 4:3 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілген.
Футболшымен ойыннан кейін бірнеше испаниялық клуб байланысқа шығып, келісімшарттағы талаптарымен танысқан.
Қазір қазақстандық ойыншы Кипрдың екінші лигасындағы "Акритас" намысын қорғайды. Қысқы трансферлік кезеңде басқа чемпионатқа ауысуы мүмкін.
Кенжебек "Қайрат" футбол мектебінің шәкірті саналады. Алматылық клуб қатарынан биыл тамызда кеткен. Бұған дейін "Жеңіс" және "Мақтааралға" жалға берілген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама