Қайрат Нұрдәулетовке 3 клуб қызығушылық танытып отыр
04.12.2024, 19:05
Өткен маусымда ол «Жетісуды» жаттықтырған болатын.
1bol.kz
42 жастағы бапкер Қайрат Нұрдәулетовке қазақстандық үш клуб қызығушылық танытып отыр. Олар - «Атырау», «Ордабасы» және «Ақтөбе» ұжымдары.
Өткен маусымда Нұрдәулетовтің жетекшілігімен «Жетісу» ҚПЛ-да 11-орынға тұрақтаған болатын. Сол кезде көптеген бапкер талдықорғандық команданың ойынына жоғары баға берген еді. Сол енді нәтижесін берсе керек - «Атырау», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» енді бұл маманды өз командасында бас бапкер ретінде көргісі келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама