ФИФА осы күзде 2024 жылдың қорытындысы бойынша үздік футболшы сыйлығына үміткерлердің есімін жариялаған еді.
Тізімде «Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси де болған. Бірақ танымал журналист Эду Агирре бұл шешіммен келіспейтінін айтты.
"Неліктен Мессиді әлем чемпионатындағы жеңісі үшін әлі Құдай көреміз. Бұл ақылға қонымсыз. Ұят дер едім. Футболдан хабары бар жандар Америка кубогында Аргентина сапында Лаутаро Мартинестің үздік болғанын мойындайды. Бірақ ол номинанттар тізімінде жоқ …"- деді Агирре TNT Sports-қа берген сұхбатында.
Месси «Алтын доптың» алты дүркін иегері боп табылады.
Биыл Аргентина құрамасы Америка кубогын жеңіп алған еді.