Роналдудың "пайдассыз" 916-шы голы
07.12.2024, 15:20
Криштиану Роналду кезекті мачта гол соқты.
sportbox.ru
Сауд Арабия чемпионатының орталық матчында "Әл-Наср" сырт алаңда басты бәсекелесі "Әл-Иттихадқа" 2:1 есебімен ұтылды.
55-минутта Кәрім Бензема есеп ашқан. Бірақ араға екі минут салып Роналду таразы басын теңестіріп кетті. Матч соңында, яғни төреші қосқан уақыттың бірінші минутында
нидерланд шабуылшысы Стивен Бергвейн "Әл-Иттихадқа" жеңіс әперді.
"Әл-Иттихад" 13 турдан кейін "Әл-Насрдан" 11 ұпайға ұзап кетті. Роналдудың командасы турнир кестесінде 4-орында келеді.
Криштиану Роналду мансабындағы 916-шы гол соқты. Бұл португалиялықтың клуб деңгейіндегі 781-ші голы. Ұлттық құрама сапында 135 доп соққан.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама