Ағылшын Премьер-лигасында тұңғыш өзбек өнер көрсетуі мүмкін.
Әңгіме франциялық "Ланстың" орталық қорғаушысы Абдукодир Хусанов жайында.
20 жастағы өзбек футболшысының бағасы соңғы екі жылда 300 есе көтерілді. "Ланс" Хусановты "Энергетик-БГУ" клубынан $100 мыңға сатып алған. Енді ол 30 млн евроға бағаланып отыр.
"Челсиден" бөлек Абдукодирды "Тоттенхэм", "Ньюкасл", "Брайтон"," Вест Хэм", "Наполи"," Аталанта", "Марсель", РБ" Лейпциг" және "Байер Леверкузен" өз қатарында көргісі келеді. Тізім мұнымен аяқталмайды.
Биылғы Лига 1 маусымдында Хусановтың командасы 13 ойында 12 гол жіберіп алды. "Ланс" Франция чемпионатында 7-орынды келеді.