Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Нойер енді ойнамайды, "МЮ" және "Сити" қыста ойыншылар алдырады

Сарапшы, спорт журналисі
10.12.2024, 12:25

Penalty.kz ең қызықты футбол жаңалықтарын ұсынады. 

bel.football
Реклама
Реклама

"Бавария" қақпашысы Мануэль Нойер қабырғасын сындырып алды. Ойыншы Германия кубогының 1/8 финалында "Байерге" (0:1) қарсы матчта Жереми Фримпонгпен болған эпизодта жарақаттанған. Енді голкипер мюнхендік клубқа жыл соңына дейін көмектесе алмайды. 

Гвардиола маусымды испаниялық ойыншымен құтқаруға ниетті. "Манчестер Сити" Испания құрамасы мен "Реал Сосьедад" жартылай қорғаушысы Мартин Субимендиге қызығушылық танытуда. Ағылшындық клуб 60 млн еуро жұмсауға дайын. 25 жастағы Субименди биыл Ла Лигада 16 матч өткізді. 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. 

"МЮ" Виктор Осимхен үшін 70 млн еуро жұмсауға дайын. "Наполи" шабуылшысы, ал қазір "Галатасарайда" жалдамалы негізде ойнап жүрген нигериялық тұманды альбионға қыста ауысуы мүмкін. Виктор Осимхен түрік клубында 13 кездесуге қатысып 10 рет мергендік танытты. 5 мәрте нәтижелі әрекетімен ерекшеленді. Өз кезегінде "ПСЖ" мен "Ювентус" форвардты өз қатарынан көруге қарсы емес. 

 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары