Тағыбергеннің тағдыры келесі аптада шешіледі

Редактор Penalty.kz
11.12.2024, 16:40

Қазір оған екі клуб қызығушылық танытып отыр. 

KazFootball.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны әрі "Ордабасы" клубының ойыншысы Асхат Тағыбергенді қатарына қосқысы келетін клубтар белгілі болды. 

34 жастағы футболшының шымкенттік командамен келісімшарты 2025 жылдың соңында аяқталады. Бірақ келісім бойынша ол клубтан ерте кетуге құқылы. 

Тағыбергеннің тағдыры келесі аптада белгілі болады. Қазір оған ел біріншілігінде ойнайтын бірнеше клуб қызығушылық танытып отырған көрінеді. Олар - "Ақтөбе" мен "Елімай". 

Айта кетейік, өткен маусымда Асхат Тағыберген ҚПЛ-да 24 матчқа қатысып, 2 гол соқты. 9 нәтижелі пас берді.