Зайнутдинов нәтижелі әрекетімен көзге түсті (ВИДЕО)
13.12.2024, 10:42
"Бешікташтың" жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов биылғы маусымда алғаш рет негізгі құрамда шықты.
Vesti.kz
Қазақстандық футболшы Еуропа лигасының алтыншы турында норвегиялық "Будё-Глимт" клубына қарсы ойнады. Бахтиёр кездесудің 21-минутында есеп ашуға үлес қосты. Сол қапталдан Жедсон Фернандешке нәтижелі пас берді. Бірақ түрік командасы сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Жалпы Бахтиёр Зайнутдинов "Бешікташ" сапында осы маусымдағы төрт матчта небәрі отыз минут ойнады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама