Қытай құрамасының экс-бас бапкері 20 жылға түрмеге қамалды
13.12.2024, 16:32
Футболдан Қытай құрамасының бұрынғы бас бапкері Ли Те жемқорлық әрекеттер үшін бас бостандығынан айырылды.
sportnews.24tv.ua
CCTV-дің хабарлауынша, 47 жастағы маман 2020 жылы Қытай құрамасының бас бапкері лауазымын алу мақсатында 1 миллион юань (137 мың доллар) пара берген. Бұдан бөлек ол 2019–2021 жылдары құрама қатарына ойыншы алуға және клубтармен келісімшарт жасасуға көмек көсреткені үшін жалпы сомасы 50,89 миллион юань (шамамен 7 миллион доллар) алған.
Ли Те кезінде танымал футболшы болған. Англияның “Эвертон” және Қытай құрамасында доп тепкен. Жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапында 89 матч өткізіп, 6 гол соқты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама