Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Магомед Адиев Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі мүмкіндігін бағалады

Сарапшы, спорт журналисі
14.12.2024, 19:30

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Магомед Адиев әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі жеребе нәтижелеріне қатысты өз пікірін білдірді.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Станислав Черчесов тізгіндейтін Қазақстан құрамасы Лихтенштейн, Солтүстік Македония, Уэльс және Бельгия командаларымен бір топқа түсті.

“Қазақстанның мүмкіндіктерін бағалағым келмейді — бұл командасын және оның мүмкіндіктерін жақсы білетін бас бапкердің міндеті. Әрине, Бельгия басымдыққа ие, бірақ қазір барлық команда футбол ойнауды үйренген. Қазақстанның бәсекеге қабілетті болатынына және өз жанкүйерлерін қуантатынына сенемін, командаға шын жүректен жанкүйермін”, — деді Адиев «ВсеПроСпорт» сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Адиев бапкердің ауысуы командаға қалай әсер ететіні туралы да айтты.

“Әрине, бапкердің ауысуы командаға әсер етеді. Бірақ бұл шешімді Черчесовтың өзі және федерацияның жаңа президенті қабылдауы керек. Екі жақ үшін де дұрыс шешім болады деп сенемін”, — деп түйіндеді Магомед Адиев.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары