Сауд Арабиясындағы "Әл-Иттихад" клубының 36 жастағы шабуылшысы Кәрім Бензема осы маусымнан кейін мансабын аяқтамақ.
Relevo сайтының хабарлауынша, Кәрім әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Бірақ осы сұрақ төңірегінде көп ойланып жүр. Ал араб клубындағылар француз өзінің 2026 жылға дейін қол қойған келісімшартын бұлжытпай орындайды деген сенімде. Сонымен қатар Бенземаның "Реалмен" клуб елшісі қызметін атқару жөнінде келісім жасағаны белгілі болды.
36 жастағы Кәрім Бензема араб клубына 2023 жылдың жазында еркін агент ретінде келген. Биылғы маусымда барлық турнирлерде 11 ойынға қатысты. 10 рет гол соғып, 3 нәтижелі әрекет жасады. Ойыншының клубпен еңбек шарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталындағы ақпаратқа сәйкес футболшының нарықтағы бағасы € 8 млн-ға тең.