17 жастағы жартылай қорғаушы "Леганеске" (0:1) қарсы соңғы ойында жарақат алды.
Тобығын жарақаттап алған Ямалдың оңалып кетуіне үш-төрт апта уақыт қажет. Бұл туралы "Барселонаның" баспасөз қызметі хабарлады.
"Ламин Ямал "Леганеске" қарсы матчта оң жақ тобығынан соққы алды. Медициналық тексеріс оның табан буыны бірінші дәрежелі зақым алғанын анықтады. Ойыншы үш-төрт аптаға дейін қатардан шығып қалды", - деп жазылған Х әлеуметтік желісінде.
Биыл 17 жастағы вингер каталониялық клуб құрамында барлық турнирлерде 21 ойын өткізді. Алты рет мергендік танытып, голға себеп болған он екі пас жасады.
Оның "Барселонамен" келісімшарты 2026 жылдың жазында бітеді. Transfermarkt порталы Ямалды €150 млн бағалап отыр.