ҚПЛ 2024 жылдың үздік қақпашысын атады.
Құралбек Ордабаев атындағы жүлде қостанайдың "Тобыл" қақпашысы Стас Покатиловке бұйырды. Үздік қақпашыны таңдау үшін чемпионатқа қатысқан клубтардың капитандары мен бапкерлері дауыс берді.
32 жастағы голкипер командамен барлық турнирге қатысты. 11 ойында қақпасына гол жібермей, 56 соққы қайтарды. Покатилов қостанайлық ұжыммен биылғы чемпионатты бесінші орында аяқтады. Сонымен қатар ел кубогының жартылай финалына жетіп, Суперкубок иегері атанды.