«Ertis» ойыншылар алдындағы қарызынан құтылуға жақын

Редактор Penalty.kz
21.12.2024, 20:04

Бір ғана шетелдік легионердің берешегі қалыпты. 

kaz.inform.kz

Павлодарлық «Ertis» футбол командасы келер жылы Бірінші лигада ойнайды. Футбол чемпионатындағы жолын қайтадан «нөлден» бастауға мәжбүр болған клуб биыл Екінші лигада жеңімпаз атанды. 

Клуб директоры Сейітбек Сембаевтың айтуынша, команданың топ-менеджменті жыл бойы бұрынғы қарыздарды жабумен айналысқан. 

Қазір «Ertis» ойыншылар алдындағы қарызынан құтылуға жақын. Бір ғана шетелдік легионердің берешегі қалған. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады. 

«Ertis»-тің бұрынғы футболшылары мен бапкерлері алдыңда біраз борыш жиналып қалғаны мәлім. Мұндай қарыздардың саны — 37. Біз облыс басшылығының қолдауымен барлық мәселені реттедік. Соның ішінде болгариялық бапкер Димитар Димитровпен де толық есеп айырыстық. Ол өзге футболшылар секілді қарыз сомасын жеңілдетуге келісті. Клубты сақтап қалу маңызды екенін барлығы түсінді. Қазір бір ғана футболшының, атап айтқанда түркімендік легионер Руслан Мингазовтың борышы жабылған жоқ. Футболшы қарыз сомасын шегеруден бас тартты. Оның мәселесі келер жылдың басында шешіледі, - деді Сейітбек Сембаев.