Мінсіз Мо! «Тоттенхэмді» тас-талқан етіп, жаңа рекорд орнатты

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 09:06

Мысырлық футболшы бомбардирлер жарысында Холандты басып озды. 

Vesti.kz

Кеше мерсисайдтық «Ливерпуль» АПЛ-дің 17-туры туры аясында лондондық «Тоттенхэммен» кездесіп, 6:3 есебімен тас-талқан етті. 

Кездесудің қаһарманы Мұхаммед Салах болды. Мысырлық ойыншы 6 голдың төртеуіне өз үлесін қосып, Премьер-лиганың бірнеше рекордын жаңартты. 
 
Атап айтқанда, Салах соңғы 4 маусымда кемі 10+10 жинаған алғашқы футболшы атанды. Сонымен қатар, Рождество қарсаңында 10+10 балл еншілеген жалғыз ойыншы болды. 

Бұдан бөлек, «Ливерпуль» тарихындағы үздік бомбардирлер тізімінде 4-орынға тұрақтады. Гол саны - 229. Оның алдында тек Гордон Ходжстон (241), Роджер Хант (285) мен Иан Раш (346) қана тұр. 

Айта кетейік, ағымдағы маусымда Мұхаммед Салах АПЛ-да 15 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.