Черчесовтің орнын кім басады? Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткер табылды

Редактор Penalty.kz
24.12.2024, 07:02

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Павел Черепанов Vesti.kz тілшісімен әңгімесінде Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, отандық мамандар арасынан нақты бір кандидатты атады.

КФФ

Черепановтың айтуынша, Черчесовтің «қазақ тіліне қатысты қалжыңдары» түсініспеушілік тудырған, баспасөзде көп сыналған, тіпті айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Жаңа іріктеу кезеңінде (2026 жылғы әлем чемпионатына) де сәтсіздік қайталанса, бұл ұлттық құраманың психологиясына ауыр салмақ түсіретінін ескере отырып, федерация президенті Марат Омаров бапкерді ауыстыруды дұрыс көріп отырғандай.

«Баспасөзде төрт кандидат бар деген болжам жасалды: екеуі — отандық маман, екеуі — шетелдік жаттықтырушы. Менің ойымша, сол отандық жаттықтырушылардың ішінде Григорий Бабаян осы лауазымға әбден лайық. Егер Черчесов жаңа циклде де нәтижеге қол жеткізе алмаса, бұл Қазақстан футболын еуропалық рейтингтің түбіне біржола түсіріп жіберуі мүмкін», — дейді Черепанов.

Еске салсақ, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгініне 2024 жылдың жазында келген болатын. Оның басшылығымен команда Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, бір рет тең ойнап, бес кездесуде жеңіліп қалды (жалпы есеп — 0:15).

Ермұхамед Мәулен: «Жаңа басшылық Черчесовтың келісімшартын мұқият зерттеп жатыр»

Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтің отставкасы туралы сыбыстарға түсінік берді

Черчесов отставкаға кетті