"Астананың" бұрынғы бас бапкері 27 дүркін еуропалық чемпионды басқарды

Редактор Penalty.kz
01.01.2025, 23:22

Сербиялық "Партизан" бас бапкерлікке қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Срджан Благоевичті тағайындады.

aladop.kz

51 жастағы маманның соңғы жұмыс орны венгриялық “Дебрецен” футбол клубы болған. Ал оған дейін “Астана” және “Каспийді” жаттықтырған еді. Благоевич ұзартуы қарастырылған маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойды. 

“Партизан елдің 27 дұркін чемпионы саналады (11 рет Югославия чемпионатының, 8 мәрте Югославия Одақтық Реcпублика чемпионатының, 8 рет Сербия чемпионатының жеңмпазы). Былтыр клуб Сербия чемпионатын екінші орынмен аяқтады. Ал биылғы маусымда да “Партизан” екінші сатыда келеді. Көшбасындағы “Црвена Звездадан” 20 турдан кейін 17 ұпайға қалып келеді.