Қазір португалиялық маман түрік клубын жаттықтырып жүр.
"Фенербахченің" бас бапкері Жозе Моуринью болашақта ұлттық құрамалардың бірін жаттықтыруға қатысты сұраққа жауап берді.
"Иә, Еуропа немесе әлем чемпионатында өнер көрсетіп, бүкіл елді бір команда төңірегінде жұмылдырғым келеді. Клубтық деңгейде мұны талай рет жасаған едім. Осындай қадамға футбол үшін барғым келеді. Керемет болар еді", - деп келтірді Corriere dello Sport Моуриньюдің сөзін.
Айта кетейік, португалиялық маман өткен жазда "Фенербахчені" тізгіндеді. Содан бері түрік клубы барлық турнирде 26 матч өткізіп, 15-інде жеңіске жетті. 6 рет тең ойнап, 5 мәрте қарсыласына есе жіберді.