Оливер Кан футбол клубын сатып алмақ

Редактор Penalty.kz
04.01.2025, 08:29

Даңқты қақпашы қазір келіссөздер жүргізіп жатыр екен. 

dzen.ru

Германия құрамасының бұрынғы қақпашысы Оливер Кан жақын арада футбол клубының иегері атануы мүмкін. Даңқты футболшы қазір францияның "Бордо" клубын иелену бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Бұған дейін француз басылымы Канның "Бордо" президенті Жерар Лопеспен байланысқа шыққаны туралы жазған еді. 

Айта кетейік, өткен жылдың 1 тамызында "Бордо" төртінші дивизионға түсіп қалған еді. Оған клубтың банкротқа ұшырауы себеп болды.