Бельгия чемпионатындағы команда қазақстандық футболшыға көз тікті

Жарнама
Жарнама

18 жастағы шабуылшы Рауль Аллахвердиев бельгиялық "Гентте" медициналық тексеруден өтеді.

Бельгия чемпионатындағы команда қазақстандық футболшыға көз тікті
kazfootball.kz

Ойыншы астаналық “Жеңіспен” оқу-жаттығу жиынына аттанып, кейін Бельгияға ұшып кетеді. Сонда "Гент" U-21 құрамында медициналық тексеруден өтеді, деп жазады Тотальный футбол KZ,

Аллахвердиев 15 жасында “Жетісу” сапында кәсіби футболда дебют жасаған. 

Рауль Transfermarkt порталында 2023 жылы 45-орынмен өз жасындағы ең қымбат ТОП-50 ойыншы тізіміне енгізілді. Оның бағасы 175 мың еуро болды. Бұл осы жас ерекшелігіндегі қазақстандық футболшылар арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Шабуылшы былтырғы маусымды “Оқжетпесте” өткізді. Бірінші лигадағы 9 матчта үш гол соқты.

Жарнама
Жарнама