Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы директор атанды
15.01.2025, 13:01
Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Марк Гурман "Жетісу" ФК директоры боп тағайындалды.
Vesti.kz
Гурман ұлттық құрама намысын 26 матчта қорғаған. Өз мансабында "Қайрат", "Астана", "Қызыл-Жар", "Тобыл", "Қайсар", сонымен бірге израильдік" Хапоэль" және "Маккаби Ахи" клубтарында өнер көрсетті. Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогы мен Қазақстан Суперкубогының иегері, Қазақстан чемпионатының күміс және үш дүркін қола жүлдегері.
Бұл қызметке тағайындалмас бұрын Марк Гурман 2024 жылдың маусым айынан бастап "Жетісу" ФК спорт директоры болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама