Дмитрий Шомко "Елімайдан" кейін өзіне жаңа клуб тапты
15.01.2025, 16:33
Қазақстандық қорғаушы "Астанаға" оралуды қарастырып жатыр.
sputnik.kz
“Елімаймен” келісімшарты аяқталған футболшы қазір бос агент мәртебесіне ие және қолында “Астанадан” түскен ұсынысы бар. Шомко елордалықтар сапында Біріккен Араб Әмірліктеріне оқу-жаттығу жиындарына атануы мүмкін.
34 жастағы футболшы 2014-2020 жылдары “Астана” намысын қорғаған. Осы уақыт аралығында Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанып, ел Кубогын және бес мәрте Суперкубокты жеңіп алды. Сонымен қатар Шомко Чемпиондар Лигасының және Еуропа Лигасының топтық кезеңдерінде өнер көрсетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама