Келісімшарт мерзімі 2,5 жыл.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" клубымен келісімшартқа отырды.
22 жастағы футболшы өткен маусымды елордалық "Жеңіс" сапында бастаған. Жазда Кипрдің екінші дивизионында өнер көрсететін «Акритас Хлоракас» клубына ауысты. Аталған командада отандасымыз 13 матч өткізіп, 4 гол соқты. Бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, келісімшарт мерзімі 2,5 жыл. Ағымдағы маусымда "Кошице" 18 турдың қорытындысы бойынша Словакия чемпионатының жетінші орында келеді.