Нұралы Әліп "Зенитте" мемге айналды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.01.2025, 08:16

"Зенит" футбол клубының баспасөз қызметі қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп пен сәнді шаш  иесі бразилиялық Клаудиньо арасында өрбіген қызықты әңгіменің видеосын жариялады.

sports.kz

"Зенит" футбол клубының баспасөз қызметі қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп пен сәнді шаш иесі бразилиялық Клаудиньо арасында өрбіген қызықты әңгіменің видеосын жариялады.

Әліп: — Төрт аптадан кейін шашым қалың боп өседі. 

Клаудиньо: — Рас па?

Әліп: —Иә. Дәл сенікіндей болады. 

Ресей чемпионатындағы үзіліс кезінде Қазақастан құрамасының ойыншысы шаш трансплантациясын жасаған. Операция Алматыдағы клиникалардың бірінде өткен.

Әліп биылғы маусымда клуб үшін барлық турнирлерде 19 матч өткізді. Бір гол соғып, бір нәтижелі паспен ерекшеленді. Оның петербурлық клубпен еңбек келісімі 2028 жылдың жазына дейін есептелген. 

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ресей Премьер-Лигасының 17-турында "Крылья Советовқа" қарсы ойында табан жарақатын алып, "Зенитпен" оқу-жаттығу жиындарында жекелей бағдарлама бойынша жаттығып жүр.