Ұлттық құрама ойыншысы жаңа командаға ауысты
17.01.2025, 17:34
"Тобыл" Қазақстан құрамасының қорғаушысы 22 жастағы Мейрамбек Қалмырзамен ресми келісімшартқа отырды.
vesti.kz
Мейрамбек Астанадағы футбол мектебінің түлегі. Кезінде “Астана”, “Оқжетпес” және “Жетісу” намысын қорғады. Былтыр “Жетісу” үшін 20 матч өткізді. Жастар құрама командасына тұрақты шақырту алып, 2024 жылы басты құрамаға алынды.
Мейрамбек “Тобыл” қатарына оқу-жаттығу жиындарында қосылып, алдағы маусымға дайындықты бастап кетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама