IFFHS мадридтік клубты осылай деп таныды.
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) мадридтік команданы үздік деп таныды.
Испандық ұжым 700 команда ішінде көш бастады. Сондай-ақ бесінші рет бұл мәртебеге ие болды. Бүған дейін 2000, 2002, 2014 және 2017 жылдары үздік болған.
Айта кетейік, 2024 жылы корольдік клуб бірнеше титулға ие болды. Атап айтқанда, Ла Лига, Чемпиондар Лигасы, Испания суперкубогы, Еуропа суперкубогы.