Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS) 2024 жылдағы дүниежүзі чемпионаттарының рейтингін жариялады.
Италияның Серия А чемпионаты 1992 ұпай жинап үздік атанды. Екінші орынға испаниялық Ла Лига (1885 ұпай) жайғасты. Ең мықты чемпионаттардың үштігін ағылшын Премьер-Лигасы (1871 ұпай) түйіндеді. Сонымен қатар ТОП-10 тізіміне Бразилия, Германия, Аргентина, Португалия, Франция, Бельгия және Нидерланд кірді.
Қазақстан чемпионаты бар болғаны 86-орынға ие болды. Бір қызығы ҚПЛ деңгейі Никарагуа, Танзания, Фарер аралдары, Гондурас, Гватемала және Сан-Маринодан төмен боп шықты. Еске сала кетсек, былтыр "Қайрат" Қазақстан чемпионы атанған еді.