"Астана" легионермен қоштасты

Сарапшы, спорт журналисі

Ганалық жартылай қорғаушы Барнс Осей елордалық клубтан кетті. 

"Астана" легионермен қоштасты
fcastana.kz

Барнс Осей мен "Астана" арасында еңбек келісімінің мерзімі аяқталды, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Жартылай қорғаушы елордалық клубқа былтыр ақпан айында қосылған. Командамен бірге УЕФА Конференциялар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, Қазақстан лигасының кубогын жеіңп алды. "Астана" сапында 25 матч өткізіп бір нәтижелі паспен ерекшеленді. 

Барнс Осейдің мансабында португалиялық "Пасуш де Феррейра", "Униан Мадейра", "Арока" және "Академика", кипрлық "Неа Саламина" және грузиялық "Динамо" (Тбилиси) болды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір